ДССССРБСЖМСНЖК
2017 жылғы қысқы Универсиада

БАС АҚПАРАТТАР:

  • Алматыдағы 2017 жылғы қысқы Универсиадаға55 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысады.
  • Жарысты ұйымдастыруға 3 мың ерiктi жұмылдырылады (шет ел мен Қазақстанның әр өңiрлерiнен).
  • Жарыс уақытында 30 мыңға жуық шет елдiк қонақ пен турист келедi деп күтiлуде.
  • Алматы — студенттер қаласы.Қазақстанның әрбiр 4-шi студентi оңтүстiк астанада бiлiм алуда.
  • Қысқы Универсиаданы 80 елден 1 млрд адам телеарналардан тамашалайды.

СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАМА:

     2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында 28-шiБүкiләлемдiк қысқы Универсиада болады. 2017 жылғы қысқы Универсиада 12 спорт түрiнен өтедi:

  • биатлон,
  • шаңғы спорты,
  • кёрлинг,
  • коньки спорты,
  • шаңғы қоссайысы,
  • шаңғымен жарыс,
  • шаңғыментұғырдан секiру,
  • сноуборд,
  • мәнерлеп сырғанау,
  • фристайл,
  • шайбалы хоккей,
  • шорт-трек.

     Жарыс 8 спорт нысанында өтедi: «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы, «Медеу» спорт кешенi, «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешенi, Б.Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, «Алатау» шаңғы-биатлон кешенi, Мұз сарайы, Мұз аренасы және Алматының орталығындағы уақытша спорт кешенi. Универсиада тарихында бiрiншi ретспортшылар жарыс уақытында тұратын Атлеттер қалашығы болмақ.

СПОРТ НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ:

     Универсиада нысандарының ашылуы — 12 мың орынды Мұз аренасы, 3 мың орынды Мұз сарайы және Атлеттер қалашығы — Алматы қаласының 1000 жылдығын тойлауға арналған жылы, яғни 2016 жылдың тамыз айында өтедi. Әлемдегi экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, құрылыс жұмыстары дәл уақытында аяқталады.
     Алматы қаласында болатын Универсиада — ең бiрiншiден, қаладағы бұқаралық спорттың дамуына жаңа күш беретiн және қала тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ететiн әлеуметтiк жоба. Универсиаданың 3 спорт нысанын қазақстандық құрылыс компаниялары жүргiзуде.
     Универсиаданың жаңадан бой көтерiп жатқан спорт нысандары 2016 жылдың 30 тамызында өткiзiледi. Биылғы жылдың 28-шi наурызында Медеу ауданындағы сырғанау алаңы өткiзiлдi, ал шiлденiң 6-сында бас аренаның, әкiмшiлiк ғимараттың құрылысы және аймақтың абаттандыру жұмыстары аяқталады. Одан бөлек, әкiмшiлiк ғимараттың, бассейннiң, 12 мың орынды Мұз аренасының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, ал негiзгi блок 2016 жылдың мамырдың 9-ында тапсырылады. Атлеттер қалашығы алаңының абаттандыру жұмыстары тамыздың 1-iнде аяқталады.
     Жарыс алдында барлық спорт нысандары халықаралық дәрежедегi жарыстарды өткiзе алатындығын растайтын халықаралық сертификациядан өтедi. Қазiргi уақытта Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенi сертификациядан өттi. Универсиада алдында спорт нысандарында 2016 жылдың күзiнен бастап тестiк жарыстар болады.
     Қазiргi таңда 5000 адамға арналған, жарыс уақытында спортшылар тұратын Атлеттер қалашығының құрлыс жұмыстары жүргiзiлуде. Атлеттер қалашығында әлеуметтiк инфрақұрылым (кафе, ресторандар, емханалар, банк бөлiмшелерi жәнет.б.)жақсы дамып, көлiк торабы кеңейтiледi. Бұл Алматы қаласы Алатау ауданының дамуына қосымша мультипликатифтi күш бередi.
     12 000 және 3 мың адамға арналған Мұз кешендерi Универсиаданың ескерткiштерi болып қалмақ. Болашақта жыл сайын 800 мың көрермендi қабылдай алатын Қазақстанның iрi спорт нысандарының бiрi болады.

Мұз сарайы

     Мұз сарайы ең бiрiншi рет өз жұмысын 2017 жылғы қысқы Универсиада кезiнде бастайды. Ареналар, студенттiк ойындар аяқталғаннан кейiн де қолдануға болатындай мақсатпен арнайы жасалған. Универсиаданың ашылу және жабылу салатанаты, керлинг, мәнерлеп сырғанау жарыстары осында өтедi. Мұз сарайы кәсiпқой спортшылар дайындық жасауға келетiн спорттық нысан болады. Аренаның мүмкiндiктерiн кез-келген адам қолдана алады. Қазақстандық кәсiпкерлердi қолдау мақсатымен бұл нысанда өнiмдi сақтау мен қызмет көрсету саласындағы қазқамту 50 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Базис» құрылыс компаниясы жүргiзуде. Құрылыс жұмыстарына 1500 қазақстандық жұмылдырылған.

Мұз аренасы

     2017 жылғы 28-iншi Бүкiләлемдiк қысқы Универсиада уақытында Мұз аренасы ерлер арасында шайбалы хоккейден жарысты қабылдайды. Спорт кешенi көп функциялы. Мұз аренасы 3000 көрермен сиятын трибунадан және 300 көрерменге арналған кiшi аренадан тұрады. Бұл жер волейбол, баскетбол, шағын футбол жәнет.б. спорт түрлерi алаңына трансформациялана алады. Қазақстандық кәсiпкерлердi қолдау мақсатымен бұл нысанда өнiмдi сақтау мен қызмет көрсету саласындағы қазқамту үлесi 51 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарына «Азия Жаңа Арена» құрылыс компаниясы қатысуда. Құрылыс жұмыстарына 1200 қазақстандық және 80 отандық компания жұмылдырылған.

Атлеттер қалашығы

          Қысқы Универсидалар тарихында бiрiншi рет Атлеттер қалашығы болмақ. Атлеттер қалашығы 8-9 қабатты 8 ғимараттан және 14 қабатты 4 ғимараттан, орталық алаңнан, 800 орынды асханадан, бассейн, медициналық орталықтан, кинотеатр және тұрмыстық қызмет көрсететiн бөлмеден, 2 қабатты, инфрақұрылысы дамыған, Универсиадаға қатысушыларға қызмет көрсететiн платформадан тұрады.Қазақстандық кәсiпкерлердi қолдау мақсатымен бұл нысанда өнiмдi сақтау мен қызмет көрсету салсындағы қазқамтудың үлесi 50 пайызды құрайды. Құрылыс жұмыстарына «Элитстрой» құрылыс компаниясы қатысуда. Құрылыс жұмыстарына 2000 қазақстандық құрылысшы жұмылдырылған.

2017 ЖЫЛҒЫ ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАНЫҢ БЮДЖЕТI:

     2015 жылдың күзiнде Универсиаданың бюджетi 2 есеге қысқарды — 32-ден 17 млрд теңгеге дейiн. Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаттары, «Мәдени Универсиада» жобасы,халықаралық PR және маркетинг, көлiк шығыны (жалға алудан бас тарту), эстафета алауы, тестiк жарыстар шығыны қысқарды.
          17 млрд теңгенiң 50%-ынқазақстандық тауарлар, жұмыстар және қызметтер құрайды.
     Универсиада бюджетiнiң басты бөлiгi — халықаралық телетрансляция шығыны, хронометраж бен нәтиже көрсету. Бұл қызметтердi FISU-дың талабы бойынша iрi шетелдiк компаниялар көрсетедi.

УНИВЕРСИАДА УАҚЫТЫНДА ТУРИСТЕР МЕН СЕРIКТЕСТЕР ТАБУ:

     2017 жылы Алматы қаласында өтетiн 28-iншi Бүкiләлемдiк қысқы Универсиаданы шет елде таныту үшiн бiрнеше мерекелiк шара өтедi.
     ҚР елшiлiгiмен тығыз қарым-қатынас орната отырып, 2017 жылғы қысқы Универсиаданы шет елдерге танытып, Алматы қаласын халықаралық қысқы туризмнiң орталығы ретiнде таныстыруда. Туризмдi жоспарлау мен Алматы қаласы әкiмдiгiнiң бiрiгiп жұмыс жасауы нәтижесiнде бiр жылда Универсиаданың мүмкiндiктерi шет елдiң халықаралық iрi 30 көрмесiнде айтылады.
     Одан бөлек, шет елде Road Show ұйымдастыру көзделiп отыр. Мысалы, Үндiстанның 8 қаласында (Дели, Мумбай, Хайдарабад, Ченнай, Бенгалуру, Пондичерри, Ахмадабад, Коччи) 2017 жылғы 28-iншi Бүкiләлемдiк қысқы Универсиаданың туристiк мүмкiндiктерi таныстырылады.
     2017 жылғы қысқы Универсиаданы өткiзуге серiктерстер тарту мақсатында маркетингтiк бағдарлама жүзеге асырылуда. Тұрақты демеушiлерге «алтын», «күмiс», «қола» жарнамалық пакеттерi дайындалған.

УНИВЕРСИАДА СИМВОЛИКАСЫ:

     2017 жылғы қысқы Универсиаданың ұраны — «Қанатыңды кең серпi!», жас спортшыларды спорттың биiк шыңын бағындыр дегендi бiлдiредi.
          Универсиаданың кез-келген логотипiнде FISU эгидасы бойынша жүргiзiлiп жатқан, мiндеттi элемент латын U әрпi болуы шарт.
     2017 жылғы қысқы Универсиада логотипi жайылып тұрған құс қанаты бейнесiнде: солдан жоғары көтерiлiп тұрғаны биiктiктi және шыңды бағындыру деген мағынаны бiлдiредi.
     2017 жылғы қысқы Универсиада талисманы Сұңқар құсы. Қазақ даласындағы мықты, еркiндiк сүйгiш, жылдамдық пен ұшудың, жылдамдық пен энергияның және жеңiске жетудегi зор талаптың белгiсi. Яғни, жас спортшылардың бойындағы қасиеттердiң барлығы.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ УНИВЕРСИАДАҒА ҚАТЫСУЫ:

     Универсиада — Халықаралық студенттер спорты Федерациясының(FISU) қанаты астында өтетiн, халықаралық студенттер арасындағы жарыс. Универсиада 50 жылдан берi әлемдiк спорт аренасында маңыздылығы бойынша екiншi орында. Жарысқа 17-ден 28 жас аралығында студент-спортшыларғақатысуға рұқсат етiлген.
          Қазақстан Универсиадаға 1993 жылдан берi қатысып келе жатыр. Осы жылдар iшiнде 700 спортшы қатысып, 125 медаль иемденген.
     Қазақстандық сопртшылар үшiн 2015 жылғы қысқы Универсиада ең нәтижелi болды. Құрама бiрiншi рет жылпы есепте 3-шi орын алды (5 алтын, 6 күмiс).
     Жазғы Универсиадаға қатысқанда ең нәтижелi деп, 2007 жылғы Бангкоктағы Универсиаданы айта аламыз. Спортшыларымыз 14 медаль алды (11 орын).
     2011 жылдың 29-шы қарашасында Халықаралық студенттер спорты 2017 жылы Алматы қаласын 28-шi Бүкiләлемдiк Қысқы Универсиаданы өткiзетiн қала деп таныды.
     2017 жылдың 29-шы қаңтары мен ақпанның 8-i аралығында Алматы қаласында 28-iншi Бүкiләлемдiк Қысқы Универсиада өтедi. Қазақстанда спорттық шараларды өткiзуде тәжiрибе бар: 2011 жылы 7-шi Азия ойындары Алматы және Астана қалаларында өттi.
     Қазақстан ТМД елдерi арасында бiрiншi болып Қысқы Универсиаданы өткiзбек(2013 жылы жазғы Универсиада Қазан қаласында, 2019 жылы қысқы Универсиада Красноярск қаласында өтедi).
     2015 жылдың желтоқсан айында Халықаралық студенттер спорты Федерациясының президентi Олег Матыцин бастаған делегацияАлматының Универсиаданы өткiзуге дайындығы жақсы деген баға берiлген.

УНИВЕРСИДА ЕРIКТIЛЕРI

     Алматы қаласында өтетiн 2017 жылғы 28-iншi Бүкiләлемдiк қысқы Универсиадаға 3000 ерiктi жұмылдырылады. Олардың 100-i халықаралық, тағы 100-i Қазақстанның әр аймақтарынан. Ерiктi болғысы келетiн әр азаматalmaty2017.com ресми сайтында өтiнiш қалдыруына болады.Өтiнiштердi қабылдау 2016 жылдың желтоқсан айына дейiн созылады.
     2016 жылдың қазан айы мен 2017 жылдың қаңтар айларында таңдалған ерiктiлер тренингтен өтедi.

     Одан бөлек, нысандарда да оқыту жұмыстары жүргiзiледi:

  • экскурсия жүргiзу;
  • нысанды танып-бiлу мақсатында квест ұйымдастыру;
  • нысандарда қауiпсiздiк сақтау бойынша оқыту жұмыстары.

УНИВЕРСИАДАНЫҢ МҰРАСЫ:

     Алматы қаласында Универсиаданы өткiзiп болған соң, қысқы спорт түрлерiнен халықаралық жарыстарды ұйымдастыруға болатын дамыған спорттық инфрақұрылым қалады. Барлық спорт нысандары жарыс аяқталған соң Алматы қаласының тұрғындарына қолданысқа берiледi. Ол жерлерде қазақстандық және шетелдiк спортшылар жаттығу, дайындық жұмыстарын жүргiзе алады.

1.Атлетикалық қалашық, Алатау ауданы
     Кешеннiң жалпы ауданы — 153 916 ш.м, оның iшiнде:
     124 902 ш.м — студенттержатақханасы және 10 000 адамға арналған эконом-класстағы баспана;
     29 014 ш.м — комменциялық және әлуметтiк-мәдени мәндегi бөлiмше
     Коммерциялық аймақ 2-3 қабатты блоктарға бөлiнiп, мынадай функциялар атқаруға қолданылады:

  • Олимпиадаға дайындық орталығы
  • Емхана
  • Фитнес-орталық
  • Банк бөлiмдерi, пошта бөлiмдерi, тұрмыс үйi
  • Сән салоны
  • Дүкен, кафе
  • Полиция бөлiмшесi
  • ХҚКО
  • Салтанат сарайы бар ресторан

2. 12 000 адамға арналған Мұз сарайы, Алатау ауданы
     Жалпы ауданы — 72 668 ш.м, оған:

  • 12 000 көрерменге арналған көп функциялы арена (тек қысқы спорт түрлерiнен жарыс өтiп қана қоймайды, сонымен қатар, жазғы спорт түрлерiнен, концер, шоу өткiзуге болады)
  • дайындық жасайтын сырғанау алаңы
  • дене шынықтыру кешенi, 7 спорт залы, массаж жасау кабинетi мен саунасы бар
  • 2 бассейнi (ересектерге, балаларға) бар аква-центр
  • фудкорт
  • конференц-зал, спорттық ұйымдар мен клубтардың кеңселерi

3.3000 адамға арналған Мұз аренасы, Медеу ауданы
Жалпы ауданы — 59 085 кв.м, оған

  • 3000 көрерменге арналған бас арена
  • дайындық жасайтын сырғанау алаңы
  • фудкорт
  • конференц-зал, спорттық ұйымдар мен клубтардың кеңселерi
  • жер асты және жер үстi көлiк тұрағы

УНИВЕРСИАДА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ(наурыз 2016)

     1.Брюссельде FISU-дың атқарушы комитетi жиналысы болды. Жиналыс уақытында Алматы қаласындағы 2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткiзу бойынша дирекция директоры Әсет Абдуалиев спорт нысандарының құрылысы мен алдағы жарысқа дайындығы жайлы айтты.
     http://almaty2017.com

     2.2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясы Алматы қаласы тұрғындарына арнап бұқаралық спорт ұйымдастырды. Салауатты өмiр салтын ұстану мақсатымен тауға жаяу көтерiлу ұйымдастырылды. Наурыз бен сәуiр айлары аралығында әрбiр сенбiде Тұңғыш Президентi саябағында фитнес-тренер Бауыржан Кариповтың басшылығымен тегiн спорт жаттығулары өтедi.
     http://almaty2017.com

     3.Үндiстанның 8 қаласында (Дели, Мумбай, Хайдарабад, Ченнай, Бенгалуру, Пондичерри, Ахмадабад, Коччи)2017 жылғы 28-iншi Бүкiләлемдiк қысқы Универсиаданың туристiк мүмкiндiктерi таныстырылады. Үндiстанның өкiлдерi Алматы қаласында болып, спорт нысандарымен танысты.
     http://almaty2017.com

     4.Алматы қаласының әкiмi қысқы Универсиаданың спорт нысандарықұрылысымен танысты. Алматы қаласының әкiмi Бауыржан Байбек Мұз сарайы, Мұз аренасы, Атлеттер қалашығының құрылысмен танысты.

     5.2017 жылғы қысқы Универсиада туы Аконкагуа шыңына тiгiлдi. Атақты қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев пен велосипедпен әлемге саяхат жасайтын Мағжан Сағымбаев Оңтүстiк Американың ең биiк нүктесi — Аконгагуа шыңын бағындырды (теңiз деңгейiнен 6962 м биiктiкте).
     http://almaty2017.com

     6.Қазақстандық керлингшiлер 2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындық үстiнде. Спортшылар Оңтүстiк Кореяда дайындық жасауда. ҚР-ның керлингтен бас бапкерi  — Виктор Ким шетелдегi дайындықтары жайлы айтты.
     http://almaty2017.com

     7.Ерлер мен әйелдер арасында тұғырдан секiруден Алматы қаласында өткен Әлем Кубогi өз мәресiне жеттi. Бұл Универсиада алдындағы тесттiк мәнге ие жарыс болды. Ақпан айының 26-28 аралығында «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешенiнде трамплиннен секiруден әлем кубогының қысқы кезеңi өттi.
     http://almaty2017.com

Мақаланың шыққан күні: 06.04.2016 15:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.05.2016 12:48
Қаралым саны: 452
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика