«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

«Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 22 мамырда № 11133 тiркелдi.

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) "Iздестiру қызметiне лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) "Жобалау қызметiне лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) "Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) алып тасталды — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен;

5) "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 28.12.2018 № 953 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетiне заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберiлуiн;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
мiндетiн атқарушы                                                                                                             М. Құсайынов

"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрi
____________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 15 шiлде

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 276 бұйрығына
1-қосымша

"Iздестiру қызметiне лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрiнiң 10.07.2019 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң атауы: "Iздестiру қызметiне лицензия беру" (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын әзiрлейтiн орталық мемлекеттiк органның атауы: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк).

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштер қабылдауды және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету нәтижелерiн беру "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсету мерзiмдерi порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:

1) лицензия беру, заңды тұлға-лицензиатты бөлiп шығару нысанында қайта ұйымдастыру және заңды тұлға-лицензиатты бөлiну нысанында қайта ұйымдастыру кезiнде және санат бере отырып қайта ресiмдеу — 5 жұмыс күнiн (құжаттар қабылданған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

2) жеке тұлға-лицензиаттың тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке кәсiпкер-лицензиат қайта тiркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жерi өзгерген кезiнде қайта ресiмдеу — 3 жұмыс күнiн (құжаттар қабылданған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды.

Қызмет берушi қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi қарауы тоқтату туралы жазбаша дәлелдi жауап бередi.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi iздестiру қызметiне лицензия беру, лицензияны және қайта ресiмдеу, не осы стандарттың 10 тармағына көзделген жағдайлар және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрде.

Порталда мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жiберiледi.

7. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде: жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi.

Лицензияны беру және қайта ресiмдеу үшiн лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес:

1) лицензия беру үшiн — 10 айлық есептiк көрсеткiштi;

2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн — лицензия беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-ын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу екiншi деңгейдегi банктер және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

Iздестiру қызметiне лицензия алуға, қайта ресiмдеуге, электрондық сұрау берiлген жағдайда, төлем "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн;

2) порталдың — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiш жасаған кезде, өтiнiштердi қабылдауды және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн берудi келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) лицензия алған кезде:

жеке тұлға үшiн — осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

заңды тұлға үшiн — осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны, штатында лицензияланатын қызмет түрiнiң өтiнiш жасалған кiшi түрiнiң құрамына кiретiн инженер-техник жұмыскердiң болуын және ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуын растайтын құжаттармен қоса берiледi;

2) жеке тұлға-лицензиаттың тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке кәсiпкер-лицензиат қайта тiркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жерi өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бiрiгу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезiнде қайта ресiмдеген кезде:

жеке тұлға үшiн — осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алушының ЭЦҚ қойылған нысан бойынша өтiнiш;

заңды тұлға үшiн — осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алушының ЭЦҚ қойылған, нысан бойынша өтiнiш;

3) заңды тұлға-лицензиатты бөлiп шығару нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты бөлiну нысанында қайта ұйымдастыру кезiнде, лицензияны қайта ресiмдеген кезде:

заңды тұлға үшiн — осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық нысан бойынша өтiнiш;

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны;

заңды тұлға-лицензиатты бөлiп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ресiмделген бөлiп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлiнiп шыққан заңды тұлғаға қайта ресiмдеуге келiскенi туралы шешiмiнiң электрондық көшiрмесi;

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мәлiметтерi, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәлiметтер көрсетiлетiн қызметтi берушiге ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiметтiң" шлюзы арқылы берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiм бередi.

Портал арқылы жүгiну кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу күнi мен уақытын көрсете отырып мәртебе жiберiледi.

10. Егер:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшiн қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынған;

2) лицензиялық алым енгiзiлмеген;

3) өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеген;

4) лицензиар тиiстi келiсушi мемлекеттiк органнан өтiнiш берушiнiң лицензиялау кезiнде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiнi туралы жауап алған;

5) өтiнiш берушiге қатысты лицензиялауға жататын қызметтi немесе жекелеген қызмет түрлерiн тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшiне енген сот шешiмi (үкiмi) болған;

6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде сот өтiнiш берушi-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тартылады.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану жағдайда, шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының не Министiрлiктiң атына, Министiрлiктiң: www. miid.gov.kz, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурстарында орналастырылған мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi және орны көрсетiле отырып, шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министiрлiктiң кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап пошта арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бередi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету, электрондық нысанда көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

Министрлiктiң www.miid.gov.kz.

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдың "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары Министрлiктiң: www.miid.gov.kz, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: (1414).

Жүктеу (DOCX 174 Kb)

Мақаланы құрған күні 24.10.2016 17:55
Мақаланы жаңартқан күні 25.09.2019 10:05
Қаралым саны: 1350
© 2019. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ