AA

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу жөнiндегi қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлiгiнiң өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзiлетiн кейбiр
бұйрықтарының тiзбесiне
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 733 бұйрығымен
бекiтiлген

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу жөнiндегi қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу жөнiндегi қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-24)-тармақшасына және және "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзiрлендi.

2. Қағидалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу рәсiмiн регламенттейдi және "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң көрсету тәртiбiн айқындайды.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) аккредиттеу — уәкiлеттi органның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйымның құзыретiн ресми тану рәсiмi;

2) аккредиттеу туралы куәлiк — сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдардың мәртебесiн куәландыратын куәлiк;

3) өтiнiш берушi — сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйым ретiнде аккредиттеуге үмiткер заңды тұлға;

4) уәкiлеттi орган — облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары.

2-тарау. Қағидалар және бiлiктiлiк талаптары

4. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

5. Заңды тұлғалар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн www.egov.kz "электрондық үкiметтiң" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы көрсетiлетiн қызметтi берушiге электрондық — цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен өтiнiштi жолдайды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптардың тiзбесi осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты) нысанында баяндалған.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған.

Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжаттардың мәлiметтерi көрсетiлетiн қызметтi берушiге "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiм бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiле отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтiнiштiң қабылданғаны туралы мәртебе жiберiледi.

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн iс-әрекеттер, орындалу ұзақтығы:

1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген құжаттармен өтiнiштi автоматты тiркеу;

2) куәлiктi электрондық нысанда беру, қайта ресiмдеу көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қатысуынсыз ақпараттық жүйемен (компьютермен) жүзеге асырылады — 20-40 (жиырма — қырық) минут iшiнде.

8. Аккредиттеу туралы куәлiк заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жерi өзгерген жағдайларда қайта ресiмделедi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi берушi Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк қызметтер көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесiне мемлекеттiк қызмет көрсету сатысы туралы деректердi енгiзудi қамтамасыз етедi.

10. Аккредиттеуден өткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөнiндегi аккредиттелген ұйымдардың тiзiлiмiне енгiзiледi, онда заңды тұлғаның деректемелерi туралы ақпарат жиынтығы, аккредиттеу туралы куәлiктiң берiлген күнi мен нөмiрi, штатында мамандардың болуы туралы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiк шаралары туралы мәлiметтер

11. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртiппен және (немесе) негiздер бойынша жүзеге асырылады.

12. Қолданыстағы аккредиттеу туралы куәлiк болмаса, ұйымның қызметiн жүзеге асыруына жол берiлмейдi.

13. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген аккредиттелген ұйымдардың тiзiлiмiне осы Қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттелген ұйымдардың өтiнiшi негiзiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi.

Бұл ретте енгiзiлген кез келген өзгерiстер мен толықтырулар осы Қағидаларға 3-қосымшасында көзделген рұқсат беру талаптарын бұзуға әкеп соқпайды.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

14. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, уәкiлеттi органның басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға берiлуi мүмкiн.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаралуға жатады:

көрсетiлетiн қызметтi берушi, уәкiлеттi орган — тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде;

мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган — ол тiркелген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде.

16. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның шағымды қарау мерзiмi Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге ұзартылады.:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергiлiктi жерге барып тексеру жүргiзу;

2) қосымша ақпарат алу.

Шағымды қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген лауазымды адам шағымды қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде шағым берген өтiнiш берушiге ұзарту себептерiн көрсете отырып, шағымды қарау мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткiзгiште берiлген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берiлген кезде) хабарлайды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

Жүктеу (DOCX 47 Kb)

Мақаланы құрған күні 30.04.2020 19:16
Мақаланы жаңартқан күні 30.04.2020 19:16
Қаралым саны: 89
© 2020. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ