AA

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

«Жобалау қызметiне лицензия беру» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары

Сәулет, қала салу және құрылыс қызметiнде лицензия беру саласындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрiнiң м.а. 2020 жылғы 1 сәуiрдегi № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2020 жылғы 1 сәуiрде № 20267 болып тiркелдi

ЗҚАИ-ның ескертпесi!

Осы бұйрықтың қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 5 т. қараңыз

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мынадай:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Iздестiру қызметiне лицензия беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жобалау қызметiне лицензия беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қоса берiлiп отырған осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң кейбiр бұйрықтарының тiзбесi бекiтiлсiн.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрiне жүктелсiн.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрiнiң мiндетiн атқарушы                                                                   К. Ускенбаев

"КЕЛIСIЛДI"

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлiгi

 

"КЕЛIСIЛДI"

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгi

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрiнiң
2020 жылғы 1 сәуiрдегi
№ 175 бұйрығына
2-қосымша

«Жобалау қызметiне лицензия беру» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы "Жобалау қызметiне лицензия беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзiрленген және жобалау қызметiне лицензия беру рәсiмiн регламенттейдi.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы — нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, бүкiл шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтерге және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе;

2) бiлiктiлiк талаптары — өтiнiш берушiнiң және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезiнде де, оның жарамдылығы уақытының бүкiл кезеңiнде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштер жиынтығы;

3) лицензия — жеке немесе заңды тұлғаға қауiптiлiктiң жоғары деңгейiне байланысты лицензияланатын қызмет түрiн не лицензияланатын қызметтiң кiшi түрiн жүзеге асыруға лицензиар беретiн бiрiншi санаттағы рұқсат;

4) лицензиат — лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға.

3. "Жобалау қызметiне лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн www.egov.kz "электрондық үкiметтiң" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы көрсетiлетiн қызметтi берушiге электрондық — цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен өтiнiштi жолдайды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптардың тiзбесi осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты) нысанында баяндалған.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мәлiметтерi, лицензия туралы, лицензиялық алым туралы мәлiметтер көрсетiлетiн қызметтi берушiге ақпараттық жүйелерден "электрондық үкiметтiң" шлюзы арқылы берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiм бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiле отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтiнiштiң қабылданғаны туралы мәртебе жiберiледi.

6. Санат беру және қайта ұйымдастыру себептерi бойынша iздестiру қызметiне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу және (немесе) алу кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттармен бiрге олар келiп түскен күнi тiркеудi жүзеге асырады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгiнген жағдайда, өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады.

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығымен бекiтiлген бiрыңғай бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiне (бұдан әрi — бiлiктiлiк талаптары) сәйкестiгiн қарайды — 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетiлген ұсынылған құжаттарды тiркеген сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiштi одан әрi қараудан дәлелдi бас тартуды дайындайды және "жеке кабинетке" жолдайды.

3) көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi құжаттармен қарау нәтижелерi бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе не мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес дәлелдi бас тартуды ресiмдейдi, қол қояды және көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жолдайды — 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде.

7. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетiлген жағдайларда iздестiру қызметiне лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылдары:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген құжаттармен бiрге олар түскен күнi тiркеудi жүзеге асырады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгiнген жағдайда, өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады.

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi құжаттармен қарайды лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресiмдейдi, қол қояды және көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жолдайды — 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде.

8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:

1) жеке тұлға-лицензиаттың тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) өзгерген;

2) жеке кәсiпкер-лицензиат қайта тiркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

3) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртiпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;

4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жерi өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетiлген жағдайда) жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 2), 4) және 6) тармақшаларының күшi дара кәсiпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерi мекенжайының, "объектiлерге берiлетiн рұқсаттар" сыныбы бойынша берiлген лицензия үшiн немесе объектiлер көрсетiле отырып, лицензияға қосымшалар үшiн объектiсiнiң орналасқан жерi мекенжайының өзгеруi "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елдi мекендер атауының, көше аттарының өзгеруiне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектiсi мекенжайларының бұлай өзгеруi мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

9. Көрсетiлетiн қызметтi берушi Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету сатысы туралы деректердi мемлекеттiк қызметтер көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесiне ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен енгiзудi қамтамасыз етедi.

10. Неғұрлым жоғары санаттағы жобалау қызметiне лицензия алған кезде төмен санаттағы жобалау қызметiне лицензиялары жарамсыз деп есептеледi.

11. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және (немесе) негiздер бойынша жүзеге асырылады.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

12. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға берiлуi мүмкiн.

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаралуға жатады:

көрсетiлетiн қызметтi берушi, уәкiлеттi орган — тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде;

мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган — ол тiркелген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде.

14. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның шағымды қарау мерзiмi Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге ұзартылады.:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергiлiктi жерге барып тексеру жүргiзу;

2) қосымша ақпарат алу.

Шағымды қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген лауазымды адам шағымды қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде шағым берген өтiнiш берушiге ұзарту себептерiн көрсете отырып, шағымды қарау мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткiзгiште берiлген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берiлген кезде) хабарлайды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

Жүктеу (DOCX 32 Kb)

Мақаланы құрған күні 30.04.2020 18:56
Мақаланы жаңартқан күні 30.04.2020 18:56
Қаралым саны: 94
© 2020. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ