AA

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрiнiң
2020 жылғы 1 сәуiрдегi
№ 175 бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10058 болып тiркелген, 2015 жылы 2 ақпанда "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған):

кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-1)-тармақшасына және "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары осы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн кейбiр бұйрықтарының тiзбесiне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. "Бiрiншi және екiншi жауапкершiлiк деңгейiндегi техникалық және технологиялық күрделi объектiлердегi ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөнiндегi инжинирингтiк қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөнiндегi қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12535 болып тiркелген, 2015 жылы 31 желтоқсанда "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған):

кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-21)-тармақшасына және "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бiрiншi және екiншi жауапкершiлiк деңгейiндегi техникалық және технологиялық күрделi объектiлердегi ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөнiндегi инжинирингтiк қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөнiндегi қағидалар мен рұқсат беру талаптары осы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн кейбiр бұйрықтарының тiзбесiне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу жөнiндегi қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 26 қарашадағы № 733 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12702 болып тiркелген, 2016 жылы 15 қаңтарда "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған):

кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-24)-тармақшасына және "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу жөнiндегi қағидалары осы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн кейбiр бұйрықтарының тiзбесiне 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

4. "Жобалау және құрылыс салу процесiне қатысушы инженер-техник жұмыскерлердi аттестаттау бойынша мемлекеттiк емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөнiндегi қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 26 қарашадағы № 735 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12752 болып тiркелген, 2016 жылы 15 қаңтарда "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған):

кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-20)-тармақшасына және "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жобалау және құрылыс салу процесiне қатысушы инженер-техник жұмыскерлердi аттестаттау жөнiндегi мемлекеттiк емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөнiндегi қағидалар мен рұқсат беру талаптары осы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн кейбiр бұйрықтарының тiзбесiне 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлiгiнiң өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзiлетiн
кейбiр бұйрықтарының
тiзбесiне
1-қосымша

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 114 бұйрығымен
бекiтiлген

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы мен "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзiрленген және сараптама жұмыстары мен инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларға аттестаттау жүргiзу және "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) орталық уәкiлеттi орган — сәулет, қала құрылысы және құрылысы қызметiн мемлекеттiк басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтер — оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткiзу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалаулар);

3) сараптамалық жұмыстар — ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргiзу жұмыстары;

4) сарапшы — сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердiң белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асыратын жеке тұлға;

5) сарапшының аттестаты — сарапшының мәртебесiн және оның қала құрылысы мен құрылыс қызметiнде сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтер көрсетудi орындау құқығын куәландыратын бiлiктiлiк аттестаты;

6) өтiнiш берушi — сарапшы мәртебесiн алуға үмiткер жеке тұлға;

7) жергiлiктi атқарушы орган — құжаттардың талаптарға сәйкестiгiн қарайтын, тестiлеуге жiберiлген сарапшылардың тiзiмiн және тестiлеу өткiзудiң кестесiн бекiтетiн, сондай-ақ сарапшылардың аттестаттаудан өткендiгi туралы шешiм қабылдайтын жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi.

3. Аттестаттау сарапшылардың кәсiби дайындық деңгейi мен құзыреттiлiгiн, сәулет, қала құрылысы мен құрылыс және қоршаған ортаны қорғау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен гигиеналық нормативтер саласындағы мемлекеттiк нормативтердi бiлуiн анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерiстердi ескерiп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргiзiледi.

4. Аттестаттау сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердiң мынадай түрлерiн:

1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын;

2) техникалық қадағалауды;

3) авторлық қадағалауды;

4) ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгi мен орнықтылығын техникалық тексерудi жүзеге асыратын сарапшылар үшiн өткiзiледi.

5. Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлiнедi:

1) қала құрылысы;

2) жобалау алдындағы құжаттама;

3) сәулет;

4) конструкциялық бөлiгi;

5) инженерлiк желiлер және жүйелер (инженерлiк желiлер және жүйелердiң түрлерi бойынша);

6) технологиялық бөлiгi (объектiнiң мақсатына байланысты);

7) сметалық бөлiм;

8) өрт қауiпсiздiгi;

9) экологиялық бөлiмi;

10) санитариялық-эпидемиологиялық бейiнi.

6. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлiнедi:

1) жауапкершiлiгi бiрiншi деңгейдегi объектiлер бойынша — тiреу және қоршау конструкциялары бөлiгiнде;

2) жауапкершiлiгi бiрiншi деңгейдегi объектiлер бойынша — инженерлiк желiлер бөлiгiнде;

3) жауапкершiлiгi бiрiншi деңгейдегi объектiлер бойынша — технологиялық жабдықтар бөлiгiнде;

4) жауапкершiлiгi екiншi және үшiншi деңгейдегi объектiлер бойынша — тiреу және қоршау конструкциялары бөлiгiнде;

5) жауапкершiлiгi екiншi және үшiншi деңгейдегi объектiлер бойынша — инженерлiк желiлер бөлiгiнде;

6) жауапкершiлiгi екiншi және үшiншi деңгейдегi объектiлер бойынша — технологиялық жабдықтар бөлiгiнде.

7. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлiнедi:

1) жауапкершiлiгi бiрiншi деңгейдегi объектiлер бойынша — сәулет бөлiгiнде;

2) жауапкершiлiгi бiрiншi деңгейдегi объектiлер бойынша — тiреу және қоршау конструкциялары бөлiгiнде;

3) жауапкершiлiгi екiншi және үшiншi деңгейдегi объектiлер бойынша — сәулет бөлiгiнде;

4) жауапкершiлiгi екiншi және үшiншi деңгейдегi объектiлер бойынша — тiреу және қоршау конструкциялары бөлiгiнде.

8. Техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыру бойынша сарапшылар мынадай жауапкершiлiк деңгейлерiне бөлiнедi:

жауапкершiлiгi бiрiншi деңгейдегi объектiлер бойынша — қолда бар аттестат шеңберiнде жауапкершiлiгi барлық деңгейдегi объектiлерде, осы тармақта көрсетiлген қызметтi жүзеге асырады;

жауапкершiлiгi екiншi және үшiншi деңгейдегi объектiлер бойынша — қолда бар аттестат шеңберiнде жауапкершiлiгi екiншi және үшiншi деңгейдегi объектiлерде, осы тармақта көрсетiлген қызметтердi жүзеге асырады.

9. Аттестаттауға:

1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретiнде аттестаттау үшiн — қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиiстi бөлiмдерi бойынша жоғары кәсiптiк бiлiмi және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиiстi бөлiмдерiн әзiрлеу және (немесе) сараптау бойынша бес жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi бар адамдар;

2) тiреу және қоршау конструкциялары бөлiгiнде жауапкершiлiгi бiрiншi деңгейдегi объектiлер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретiнде аттестаттау үшiн — құрылыс саласында жоғары кәсiптiк бiлiмi және сарапшы ретiнде бес жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi бар адамдар;

3) инженерлiк желiлер бөлiгiнде жауапкершiлiгi бiрiншi деңгейдегi объектiлер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретiнде аттестаттау үшiн — құрылыс саласында жоғары кәсiптiк бiлiмi және сарапшы ретiнде бес жылдан кем емес тәжiрибесi бар адамдар;

4) технологиялық жабдықтар бөлiгiнде жауапкершiлiгi бiрiншi деңгейдегi объектiлер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретiнде аттестаттау үшiн — құрылыс саласында жоғары кәсiптiк бiлiмi және сарапшы ретiнде бес жылдан кем емес тәжiрибесi бар адамдар;

5) тiреу және қоршау конструкциялары бөлiгiнде жауапкершiлiгi екiншi және үшiншi деңгейдегi объектiлер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретiнде аттестаттау үшiн — құрылыс саласында жоғары кәсiптiк бiлiмi және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуде үш жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi бар адамдар;

6) инженерлiк желiлер бөлiгiнде жауапкершiлiгi екiншi және үшiншi деңгейдегi объектiлер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретiнде аттестаттау үшiн — құрылыс саласында жоғары кәсiптiк бiлiмi және құрылыс-монтаж жұмыстары өндiрiсiнде үш жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi бар адамдар;

7) технологиялық жабдықтар бөлiгiнде жауапкершiлiгi екiншi және үшiншi деңгейдегi объектiлер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретiнде аттестаттау үшiн — құрылыс саласында жоғары кәсiптiк бiлiмi және құрылыс-монтаж өндiрiсiнде үш жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi бар адамдар;

8) сәулет бөлiгiнде жауапкершiлiгi бiрiншi деңгейдегi объектiлер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретiнде аттестаттау үшiн — құрылыс саласында жоғары кәсiптiк бiлiмi және сарапшы ретiнде үш жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi бар адамдар;

9) тiреу және қоршау конструкциялары бөлiгiнде жауапкершiлiгi бiрiншi деңгейдегi объектiлер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретiнде аттестаттау үшiн — құрылыс саласында жоғары кәсiптiк бiлiмi және сарапшы ретiнде үш жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi бар адамдар;

10) сәулет бөлiгiнде жауапкершiлiгi екiншi және үшiншi деңгейдегi объектiлер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретiнде аттестаттау үшiн — құрылыс саласында жоғары кәсiптiк бiлiмi және жобалау қызметiнде кемiнде бес жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi бар адамдар;

11) тiреу және қоршау конструкциялары бөлiгiнде жауапкершiлiгi екiншi және үшiншi деңгейдегi объектiлер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретiнде аттестаттау үшiн — құрылыс саласында жоғары кәсiптiк бiлiмi және жобалау қызметiнде бес жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi бар адамдар;

12) ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын техникалық тексеру сарапшысы ретiнде аттестаттау үшiн — құрылыс саласында жоғары кәсiптiк бiлiмi және есеп пен конструкциялау мамандығы бойынша жобалау қызметiнiң үш жылдан кем емес немесе осы бағытта бес жылдан кем емес сарапшы жұмыс тәжiрибесi бар адамдар;

13) экология бөлiгi бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретiнде аттестаттау үшiн — тиiстi бөлiм бойынша жоғары кәсiптiк бiлiмi және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлiмiн әзiрлеу және (немесе) сараптау бойынша бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi немесе жоғары кәсiптiк бiлiмi және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлiмiн әзiрлеу және (немесе) сараптау бойынша он жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар адамдар;

14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретiнде аттестаттау үшiн — санитариялық-эпидемиологиялық бейiнi бойынша жоғарғы медициналық бiлiмi және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың бөлiмiне сәйкес сараптама бойынша жұмыс тәжiрибесi бес жылдан кем емес бар адамдар;

15) өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы жөнiндегi сарапшы ретiнде аттестаттау үшiн — өрт-техникалық бейiндегi жоғары кәсiптiк бiлiмi және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиiстi бөлiмiн әзiрлеу және (немесе) сараптау жөнiндегi кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi немесе өрт-техникалық бейiндегi жоғары кәсiптiк бiлiмi және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау саласындағы кемiнде жетi жыл жұмыс өтiлi бар адамдар.

2-тарау. Аттестаттау тәртiбi

10. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

11. Жеке тұлғалар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн www.egov.kz "электрондық үкiметтiң" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы көрсетiлетiн қызметтi берушiге электрондық — цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен өтiнiштi жолдайды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптардың тiзбесi осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты) нысанында баяндалған.

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған.

Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәлiметтерi көрсетiлетiн қызметтi берушiге "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiм бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiле отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн өтiнiштiң қабылданғаны туралы мәртебе жiберiледi.

13. Сарапшы аттестатын алған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген құжаттармен бiрге олар түскен күнi тiркеудi жүзеге асырады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгiнген жағдайда, өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады.

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi құжаттармен бiрге осы Қағидалардың 9 — тармағында көрсетiлген талаптарға (бұдан әрi — талаптар) сәйкестiгiн қарайды-5 (бес) жұмыс күнi iшiнде.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетiлген ұсынылған құжаттарды тiркеген сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiштi одан әрi қараудан дәлелдi бас тартуды дайындайды және "жеке кабинетке" жолдайды.

Қарау нәтижелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң бұйрығымен көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты ресiмделген мынадай шешiмдер бекiтiледi:

1) тестiлеуге жiберiлген;

2) тестiлеуге жiберiлмеген.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттарды тапсырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" тестiлеуге жiберу немесе тестiлеуге жiбермеу себептерi туралы хабарлама жiбередi.

3) Тестiлеу 7 (жетi) жұмыс күнi iшiнде өткiзiледi. Көрсетiлетiн қызметтi берушi тестiлеу өткiзiлген күнi өтiнiш берушiлердi тестiлеу нәтижелерiмен электронды түрде таныстырады.

4) көрсетiлетiн қызметтi берушi сарапшы аттестатын немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес дәлелдi бас тартуды ресiмдейдi, қол қояды және көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жолдайды — 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде.

14. Тестiлеу келесi талаптар мен рәсiмдердi көздейдi:

1) өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде автоматтандырылған компьютерлiк тәсiлмен тестiлеудi өткiзу;

2) өтiнiш берушiлердi тестiлеуге жiберу жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну бойынша жүзеге асырылады;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерлерi тестiленушiлердi тестiлеудi өткiзу рәсiмдерiмен таныстырады;

4) тестiлеу кезiнде сарапшылар сөйлесе және тестiлеу өткiзiлетiн үй-жайдан шыға алмайды. Жеке электрондық құрылғыларды (соның iшiнде компьютерлердi, ұялы телефондарды тестiлеу кезiнде пайдалануға тыйым салынады);

5) қызмет берушiнiң қызметкерлерi осы тестiлеудi өткiзу рәсiмiн бұзған өтiнiш берушiлердi тестiлеуден шығарады;

6) компьютерлiк тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу автоматты түрде компьютерлiк бағдарламамен жүргiзiледi.

Тестiлеуге жiберiлген уақыт 100 минутты құрайды. Тест 100 сұрақтан тұрады. Тест сұрақтарын уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.

Тестiлеуден өту үшiн шектi деңгей:

1) Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген сарапшылар үшiн; 2), 3), 4), 8), 9) осы Қағиданың 9 — тармағы-90 және одан да көп дұрыс жауап;

2) қалған барлық сарапшылар үшiн — 70 және одан да көп дұрыс жауап.

Аттестацияны қайта тапсыру саны шектелмеген.

15. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетiлген жағдайларда сарапшы аттестатын қайта ресiмдеу кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылдарының сипаттамасы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi осы Қағидалардың 12-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттармен бiрге олар түскен күнi тiркеудi жүзеге асырады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгiнген жағдайда, өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады.

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi құжаттармен қарайды, ресiмдейдi, қол қояды және көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жолдайды — 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде.

Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәлiметтерi көрсетiлетiн қызметтi берушiге "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.

16. Сарапшының аттестаты мынадай жағдайларда қайта ресiмдеуге жатады::

1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген;;

2) қағаз аттестатын қолданылу мерзiмi көрсетiлмей электрондық аттестатқа ауыстыру;

3) электрондық аттестатты мерзiмi жоқ электрондық аттестатқа ауыстыру.

17. Көрсетiлетiн қызметтi берушi Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету сатысы туралы деректердi мемлекеттiк қызметтер көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесiне ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен енгiзудi қамтамасыз етедi.

18. Аттестатталған сарапшылар туралы ақпарат уәкiлеттi органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

19. Сарапшының аттестаты "электрондық үкiмет" веб-порталында жарияланады: www.egov.kz осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң бұйрығына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде.

20. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтердi (авторлық және техникалық сауығу) жүзеге асыру құқығына аттестатты неғұрлым жоғары жауапкершiлiк деңгейiнiң бiр бөлiмi бойынша алған кезде жауапкершiлiк деңгейiнiң төмен бөлiгiндегi сол аттестаты жарамсыз деп есептеледi.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

21. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға берiлуi мүмкiн.

22. Көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаралуға жатады:

көрсетiлетiн қызметтi берушi, уәкiлеттi орган — тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде;

мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган — ол тiркелген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде.

23. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның шағымды қарау мерзiмi Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге ұзартылады.:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергiлiктi жерге барып тексеру жүргiзу;

2) қосымша ақпарат алу.

Шағымды қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген лауазымды адам шағымды қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде шағым берген өтiнiш берушiге ұзарту себептерiн көрсете отырып, шағымды қарау мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткiзгiште берiлген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берiлген кезде) хабарлайды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

Жүктеу (DOCX 180 Kb)

Мақаланы құрған күні 30.04.2020 19:22
Мақаланы жаңартқан күні 30.04.2020 19:22
Қаралым саны: 84
© 2020. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ