AA

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану жағдайда, шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының не Министiрлiктiң атына, Министiрлiктiң: www.economy.gov.kz, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурстарында орналастырылған мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi және орны көрсетiле отырып, шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министiрлiктiң кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация жұмыскерлерiнiң iс-қимылдарына (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттiк корпорацияның басшысына жiберiледi.

Қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы келiп түскен шағымды Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде тiркеу оның қабылданғанын растау болып табылады (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады).

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап пошта арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiну кезiнде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

Мақаланы құрған күні 21.07.2016 15:42
Мақаланы жаңартқан күні 22.07.2016 09:27
Қаралым саны: 1659
© 2020. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ