AA

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік қызмет паспорты

1

Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2

Қызметтің тұтынушылары

Жеке тұлғалар

3

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

4

Қызметтің көрсетілетін орны

Ақмола облысы, Көкшетау қ., Пушкина к., 23. 109 каб.; тел.: 8(7162)50-32-07.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат берілгенең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6

Қажетті құжаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрсетілетін қызметті берушіге:

Стандартқа 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;

кәсіптік жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, тиісті құжаттардың көшірмелері);

еңбек кітапшасының көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушы еңбек кітапшасын дәйекті себептер бойынша ұсынбаған жағдайда, ол еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттардың бірін тапсырады:

жұмыс берушінің  жұмысқа қабылдау және оны тоқтату негіздері туралы белгісі бар еңбек шарты;

жұмыс берушінің еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын актілерінен үзінді;

жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен немесе нотариалды расталған қызметтік тізім (жұмыс, қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтердің тізбесі);

қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

көшірмелерін ұсынған жағдайда, салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады  немесе болмаған жағдайда  құжаттарды нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады;

2) порталға:

Стандарттың  3-қосымшасына сәйкес, көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

кәсіптік жоғары білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, тиісті құжаттардың электрондық көшірмелері);

еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушы еңбек кітапшасын дәйекті себептер бойынша ұсынбаған жағдайда, ол еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттардың бірін тапсырады:

жұмыс берушінің  жұмысқа қабылдау және оны тоқтату негіздері туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі;

жұмыс берушінің еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын актілер үзінділерден электрондық көшірмесі;

жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен немесе нотариалды расталған қызметтік тізімінің (жұмыс, қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтердің тізбесі) электрондық көшірмесі;

қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі.

7

Қызметтiң құны және төлеу тәртібі

тегін негізде көрсетіледі

8

Қызмет көрсетілуінің нәтижесі

Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларға аттестат беру (бұдан әрі – аттестат), не осы стандарттың 10 тармағына көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Аттестатты қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берілген жағдайда, аттестат электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті тұлғанын қолымен расталады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.
     

9

Нормативтiк құқықтық акттер

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығы.

Мақаланы құрған күні 25.10.2016 09:53
Мақаланы жаңартқан күні 29.05.2019 17:41
Қаралым саны: 1732
© 2020. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ