AA

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет паспорты м
1 Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру  көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2 Қызметтің тұтынушылары Заңды тұлғалар
3 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны қағаз түрінде
4 Қызметтің көрсетілетін орны Ақмола облысы, Көкшетау қ., Пушкина к., 23. 109 каб.; тел.: 8(7162)50-32-07.
5 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күн; Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде  өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді  бас тартуды береді. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
6 Қажетті құжаттар    
  1. мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
  2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе көшірмесі;
  3. мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына сай мәліметтер мен құжаттар.
7 Қызметтiң құны және төлеу тәртібі тегін негізде көрсетіледі
8 Қызмет көрсетілуінің нәтижесі «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартын  1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру (бұдан әрі – куәлік) не стандарттың     10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан дәлелді бас тарту
9 Нормативтiк құқықтық акттер Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 74 бұйрығымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13213 болып тіркелген)
Мақаланы құрған күні 25.10.2016 10:20
Мақаланы жаңартқан күні 29.05.2019 17:42
Қаралым саны: 1635
© 2020. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ