AA

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау мемлекеттік көрсетілетін қызметын алу туралы ескерту

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында
сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді
жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызметын алу туралы ескерту

1 Көрсетілетін қызметты беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мекенжайы) «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ, Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма,  сағ. 9.00 – 18.30-ға дейін,  сағ.13.00 - 14.30-ға дейін түскі асқа үзілісімен. Сенбі, жексенбі – демалыс. Интернет-ресурс  http://gask.akmo.gov.kz/ (тәулік бойы)
2 Өтініштерді қабыдлау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтың нәтижесін  беру жұмысын іске асырып жатқан мекемелер туралы ақпарат
  1. көрсетілетін қызметті беруші;
  2. «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
 
3 «Электронды үкімет» потралы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәсілі туралы ақпарат   Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «электрондық үкіметтің»  www.egov.kz веб-порталы арқылы алғанда іс-әрекеттердің тәртібі: 1.www.egov.kz сайтында немесе Мемлекеттік корпорациясында электрондық цифрлық қолтаңбаны алу (осыдан әрі - ЭЦҚ). 2.Порталда тіркелу. 3.Өтініш жіберу (біліктік талаптарға сәйкес көшірмелі құжаттар қосумен). 4.Өтінішкердің ЭЦҚ-мен  өтінішке  қол қою.  
4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі  Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
 
5 Көрсетілетін мемлекеттік қызметты алу үшін қажетті құжаттар Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:     1) көрсетілетін қызметті берушіге:
     Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат - мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;       кәсіптік жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, тиісті құжаттардың көшірмелері);
     еңбек кітапшасының көшірмесі.        Көрсетілетін қызметті алушы еңбек кітапшасын дәйекті себептер бойынша ұсынбаған жағдайда, ол еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттардың бірін тапсырады:
      жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау және оны тоқтату негіздері туралы белгісі бар еңбек шарты;
      жұмыс берушінің еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын актілерінен үзінді;       жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен немесе нотариалды расталған қызметтік тізім (жұмыс, қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтердің тізбесі);
      қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;       көшірмелерін ұсынған жағдайда, салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады немесе болмаған жағдайда құжаттарды нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады;
     2) порталға:       Стандарттың 3- қосымшасына сәйкес, көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;       кәсіптік жоғары білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, тиісті құжаттардың электрондық көшірмелері);       еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі.
       Көрсетілетін қызметті алушы еңбек кітапшасын дәйекті себептер бойынша ұсынбаған жағдайда, ол еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттардың бірін тапсырады:
      жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау және оны тоқтату негіздері туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі;       жұмыс берушінің еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын актілер үзінділерден электрондық көшірмесі;       жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен немесе нотариалды расталған қызметтік тізімінің (жұмыс, қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтердің тізбесі) электрондық көшірмесі;        қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі.
6 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Стандарттың1- қосымшасына сәйкес нысан бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларға аттестат беру, не Стандарттың 10 тармағына көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сұрақтары бойынша Бірінғай контакт-орталығының номері, болу жағдайда басқа телефонды анықтама қызметтердің номерлері)   Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сұрақтары бойынша Бірінғай контакт-орталығының номері – 1414, 8 800 080 7777. Қонырау шалу - тегін. Байланыс телефон:  8(7162)50-32-07.
Мақаланы құрған күні 21.07.2016 16:15
Мақаланы жаңартқан күні 29.05.2019 17:45
Қаралым саны: 1926
© 2020. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ