ДССССРБСЖМСНЖК
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің 2019 жылы үшін мемлекеттік қызметтерды көрсету бойынша есеп

«Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ сәулет, қала құрылыс және құрылыс саласында мемлекеттiк қызметтердiң келесi түрлерiн көрсетедi (5 түрi):

1) iздестiру қызметiне лицензия беру;

2) жобалау қызметiне лицензия беру;

3) құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру;

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау (авторлық және техникалық қадағалауға, жоба сараптау және ғимараттарды техникалық зерттеуге аттестат беру);

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу. Қызметтiң осы түрi жалпы автоматты түрде көрсетiледi.

Лицензиялау және аттестаттау саласындағы мемлекеттык көрсетiлетiн қызметтер «Е-лицензиялау» бағдарлама арқылы iске асырылуда.

Есептi кезенде қолданыстағы заңнамаға мемқызметтердi алушының пайдасына бiр қатар өзгерiстер енгiзiлген: қызметтердiң көрсету мерзiмi 15 жұмыс күннен 5 жұмыс күнiне дейiн қысқартылған, барлық қызметтер электронды түрiне алмастырылған, соған орай қызмет алушы көрсетiлетiн қызметтi офистен немесе үйден шықпай алуға мүмкiндiгi бар.

Сонымен қатар, өтiнiш берушiмен жалға алынған өндiрiстiк базасын әдiлет құқықтық кадастрiнде тiркеу бойынша өзгерiс енгiзiлген.

Инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң мiндеттi түрде аттестаттаудан өтуi және Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң ИТҚ-нiң бiрiнғай деректерiне енгiзуi өзгерiссiз қалды.

Барлығы есептi кезең бойынша Басқарма 220 өтiнiш берушiге оң нәтижесiмен, 249 өтiнiш берушiге бас тартылып мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетiлдi, онiң iшiнде:

1)лицензиялау бойынша:

- құрылыс-монтаждау жұмыстарына: оң нәтижесiмен — 58 өтiнiш берушiге, 92 өтiнiш берушiге бас тартылды;

- жобалау қызметiне: оң нәтижесiмен — 24 өтiнiш берушiге, 20 өтiнiш берушiге бас тартылды;

- iздестiру қызметiне: оң нәтижесiмен — 12 өтiнiш берушiге, 14 өтiнiш берушiге бас тартылды.

2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша: оң нәтижесiмен — 124 өтiнiш берушiге, 123 өтiнiш берушiге бас тартылды.

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу бойынша: оң нәтижесiмен — 2 өтiнiш берушiге, бас тарту жоқ болып көрсетiлдi.

Дәлелдi бас тартудың негiзгi себептерi — бiлiктiк талаптарын сәйкес келмеу, құжаттардың толықсыз пакетi, қатесi бар өтiнiштер, тестiлеуде шектi деңгейден төмен жауап алу, тестiлеуге келмеу.

Басшы                                                                                                                                                  Б. Оспанбеков

Комментарии


Мақаланың шыққан күні: 28.02.2020 09:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.03.2020 12:50
Қаралым саны: 494

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 19 мамырындағы № 57 қаулысы (PDF 3529 Kb)

"Ақмола облысының бас санитарлық дәрiгерiнiң 2020 жылғы 12 мамырындағы № 49 қаулысы" (PDF 200 Kb)

ХАЛЫҚ НАЗАРЫНА (JPG 543 Kb) Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

 

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика