AA

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы»ММ есебі

Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 5 мемлекеттiк қызмет көрсетедi:

1) iздестiру қызметiне лицензия беру;

2) жобалау қызметiне лицензия беру;

3) 0ұрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру;

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтердi жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу.

Мемлекеттiк қызметтердiң барлық түрлерi бекiтiлген Мемлекеттiк қызметтер стандарттары мен регламенттерiне сәйкес көрсетiледi.

Лицензиялау мен аккредиттеудiң барлық түрлерi бойынша қызметтер «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы және «Е-лицензиялау» электрондық порталы арқылы көрсетiледi.

Сарапшыларды аттестаттау бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету тек "Е-лицензиялау» электрондық порталы арқылы жүзеге асырылады.

Лицензиялау.

2018 жылы барлығы-78 лицензия берiлдi, оның iшiнде:

құрылыс-монтаж жұмыстарына берiлген:

I санат — 7 лицензия;

II санат-14 лицензия;

III санат-34 лицензия.

Жобалық қызметке берiлдi:

I санат — 3 лицензия;

II санат — 2 лицензия;

III санат — 6 лицензия.

Iздестiру қызметiне 12 лицензия берiлдi.

Аттестаттау.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтердi жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау мынадай мамандандыру түрлерi бойынша жүргiзiледi::

1) жауапкершiлiк деңгейлерi бойынша объектiлердегi техникалық және авторлық қадағалау;

2)ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын техникалық тексеру;

3) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы.

2018 жылы барлық түрлерi бойынша — 84 аттестат берiлдi, оның iшiнде:

- авторлық қадағалау-3 аттестат;

— техникалық қадағалау-66 аттестат;

- ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын техникалық тексеру-5 аттестат;

-қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау — сметалық құжаттаманы сараптау-10 аттестат.

"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттiк қызметi бойынша 2 өтiнiм түстi. 2 сертификат берiлдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн бұзу фактiлерi жоқ.

Мақаланы құрған күні 13.06.2019 11:54
Мақаланы жаңартқан күні 19.09.2019 09:37
Қаралым саны: 631
© 2019. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ