ДССССРБСЖМСНЖК
Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2017 жылы үшін мемлекеттік қызметтер бойынша Есеп

Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттiк қызметтердiң 5 түрiн көрсетедi:

1)iздестiру қызметiне лицензия беру;

2)жобалау қызметiне лицензия беру;

3)құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру;

4)сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау;

5)сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу.

Мемлекеттiк қызметтер мемлекеттiк қызметтердiң бекiтiлген Стандарттары мен Регламенттерiне сәйкес көрсетiледi.

Лицензиялаудың барлық түрлерi және аккредиттеу «Азаматтарға арналған Үкiмет» және «Е-лицензиялау» электронды портал арқылы iске асырылады. Сарапшыларды аттестаттау мемлекеттiк қызметi теқ қана «Е-лицензиялау» электронды портал арқылы iске асырылады.

Лицензиялау.

2017 жылы үшiн барлығы 78 лицензия берiлдi, оның iшiнде:

құрылыс-монтаждау жұмыстарына:

I санат — 6 лицензия;

II санат — 22 лицензия;

III санат — 36 лицензия берiлдi.

жобалау қызметiне:

I санат — 1 лицензия;

II санат — 6 лицензия;

III санат — 4 лицензия берiлдi.

Iздестiру қызметiне — 3 лицензия берiлдi.

Аттестаттау.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыратын аттестатын алу үшiн аттестаттау келесi мамандықтар бойынша өткiзiледi:

-деңгейлер бойынша объектiлердегi техникалық және авторлық қадағалау;

-ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын техникалық тексеру;

-қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы.

2017 жылы үшiн барлық түрлерi бойынша — 108 аттестат берiлдi, онiң iшiнде:

-техникалық қадағалауға — 6 аттестат;

-авторлық қадағалауға — 70 аттестат;

-ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын техникалық тексеруге — 2 аттестат;

-қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасына — 30 аттестат.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн 1 өтiнiш түстi. 1 сертификат берiлдi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмдерiн бұзу фактiлерi жоқ.

Комментарии


Мақаланың шыққан күні: 09.01.2018 11:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.02.2018 10:40
Қаралым саны: 1388

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика