ДССССРБСЖМСНЖК
Қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер туралы

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметтi жүзеге асыруға қойылатын бiрыңғай бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiн бекiту туралы

Құрметтi сайтқа келушiлер, Сiздiң назарыңызғаҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң «Кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 751 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығымен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметтi жүзеге асыруға қойылатын бiрыңғай бiлiктiлiк талаптарға және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенiн жеткiзiп отырмыз.

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралыҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi N 242 Заңына өзгерiстер енгiзiлдi.

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралыҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi N 242 Заңының (2015 ж.03.12. жағдайы бойынша өзгертулер мен толықтыруларды ескере) 32-бабының 2-1 тармағына сәйкес, жобалау қызметiне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия алу үшiн өтiнiш берген өтiнiш иелерiнiң және осы қызмет түрiн жүзеге асыратын лицензиаттардың құрамында аттестатталған инженер-техник жұмыскерлер болуы тиiс.

Жобалау және құрылыс процесiне қатысушы аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердiң аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдарда жұмысты қоса атқаруына жол берiлмейдi.

Мақаланың шыққан күні: 25.02.2016 12:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.05.2016 11:11
Қаралым саны: 333
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика