ДССССРБСЖМСНЖК
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Ақмола облысының
мемлекеттiк сәулет-құрылыс
бақылау басқармасы» ММ басшысының
2017 жылғы 12 мамырдағы
№ 49-н/қ бұйрығымен бекiтiлген

«Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс
бақылау басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

1.Қоғамдық қатынастар саласының атауы:

Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында лицензиялау және аттестаттау

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеушi атауы: «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ (бұдан әрi  — Басқарма)

3. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс iстейтiн тұлғалардың мiнез-құлқы (iс-әрекетi) ережелерi:

3.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыру кезiнде Басқарма қызметкерi:

1) заңдылық қағидаттарын, Конституция, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын басшылыққа алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау. Заңмен тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiк көзделген терiс қылықтар мен басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеуi;

2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге;

3) қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы мен әдiлеттiгiн қамтамасыз етуi;

4)үшiншi тұлғалардың мүдделерiне өкiлдiк етуден немесе олардың атынан әрекет жасаудан тартыну;

5) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне заңсыз араласуды жүзеге асырмауы;

6) мемлекет мүддесiне нұқсан келтiретiн, Басқарманың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiне кедергi жасайтын немесе тиiмдiлiгiн төмендететiн iс-әрекеттерге қарсы тұруға;

7) қызмет бабын терiс пайдалануға, қызметтiк iс-әрекеттi жүзеге асыру кезiнде негiзсiз бюрократизм мен әуре-сарсаң көрiнiстерiне, сондай-ақ дөрекiлiк пен бiржақтылық көрiнiстерiне жол бермеуге;

8)сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау, лицензиялау және аттестаттауға тиесiлi тұлғалардың, сондай-ақ сұрауменен жүгiнген басқа да азаматтардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге тиiс.

3.2. Өз құзыретi шеңберiнде басқарушылық және өзге шешiмдердi даярлау және қабылдау кезiнде Басқарма қызметкерi:

1) кәсiпкерлiк немесе пайда табумен байланысты басқа қызметтi жүзеге асыруда қолдау көрсетуден тартыну;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға төтеп беру;

3) қызметтiк этиканы сақтау, әрiптестерге құрмет көрсету;

4) Басқарма басшылығын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабардар ету;

5) тiкелей басшысына не Басқарманың басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы хабарлауға;

6) лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсiз болуға;

7) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;

8) бағынысты қызметкерлерге қатысты негiз  сiз айыптауларға, дөрекiлiк, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiту, жөнсiздiк, орынсыз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермеуге;

9) өздерiнiң лауазымдық жағдайын бағынысты қызметкерлерге олардың қызметiне әсерету үшiн қолдануға және заң сыз әрекеттер жасауға мәжбүрлеуге жол бермеуге;

10)қызметтiк тәртiптi бұлжытпай сақтауға, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиiмдi пайдалануға;

11)маңызды қызметтiк шешiм қабылдауға ықпал етуi мүмкiн өзара қарым-қатынастардың белгiленген тәртiбiн бұзатын заңсыз өтiнiштермен әрiптестерi мен басшыларына жүгiнуден аулақ жүруi;

12) кадрларды туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге

13) қарамағындағы қызметкерлердiң мiндеттерi мен қызметтiк өкiлеттiктерiнiң көлемiн нақты айқындау;

14) қарамағындағы қызметкерлердiң арасындағы еңбек жүктемелерiн тең бөлмеуге жол бермеу;

15) қарамағындағыларының қызмет нәтижелерiн бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезiнде әдiлеттiлiк пен объективтiлiк таныту;

16) қарамағындағыларға нақты орындалмайтын немесе олардың қызметтiк мiндеттерiне кiрмейтiн, сондай-ақ заңнамаға қарама-қайшы келетiн өкiмдер бермеу;

17) қызметтiк емес сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде қарамағындағыларының қызметiне ықпал ету үшiн қызмет бабын пайдаланбау;

18) қарамағындағы және басқа да қызметкерлердiң тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактiлерiне жол бермеу және жолын кесу;

19)қарамағындағы қызметкер өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында туындайтын мүдделер дауын реттеу бойынша жан-жақты шараларды уақтылы қабылдау;

20)қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою;

21) конкурстық үдерiстердi заңнаманы қатаң сақтап өткiзуге тиiс.

3.3. нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын әзiрлеу кезiнде Басқарма қызметкерi:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн, сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн өткiзу;

2)сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдардың ұсыныстары ескерiуi тиiс.

3.4. тiршiлiк әрекетi саласы өзгешелiктерге байланысты туындайтын өзге қарым қатынастар кезiнде Басқарма қызметкерi:

1) ұжымда iскерлiк және тiлектестiк өзара қарым-қатынасты әрi сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;

2)қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде табыс пен мүлiк декларациясын тапсыруға;

4) мүлiктiк және мүлiктiкемесигiлiктер мен басымдықтарды алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтiк және өзге де ақпаратты пайдалан бауы;

5) мемлекеттiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуi, сенiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi тек қызметтiк мақсатта пайдалану қажет.

4. Басқа да шектеулер мен тыймдар:

Сотрудник Управления не вправе:

1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заң намасына сәйкес оның лауазымдық өкiлеттiктерiне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанын ақарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;

2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетiн қызметпен айналысуға;

3) өкiлдi органның депутаты болуға;

4) өзi қызметiстейтiн не өзiнетi келей бағынысты немесе өзiнiң тiкелей бақылауындағы мемлекеттiк органда үшiншi тұлғалардың iстерi бойынша өкiл болуға;

5) егер шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық мiндетiне кiрмейтiн болса, шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқаруға дербес қатысуға, материалдық игiлiк алу мақсатында өзiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн құқық қасыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың  материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға жәрдем десуге;

6)материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк мүлiктi және қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;

7)ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;

8) өз тарапынан қоғамдағы адамгершiлiкке, тәртiпке және қауiпсiздiкке қол сұғушылыққа әкелетiн заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттердi жасауға тартуға жол беруге;

9) Мемлекеттiк қызметшiлер, оның iшiнде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз дiни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшiлердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметiне қатысуға мәжбүрлеуге;

10) жұмысына байланысты iс-әрекеттер үшiн заңды және жеке тұлғалар үшiн сыйақы ретiнде қызметкерге сыйлықтар, ақшалай өтемақы, қызмет көрсету, қарыздар, демалыс, ойын-сауық, тасымалдау шығындары, ұялы байланыс шығындары және басқа да ақы алуға құқылы емес.

Мақаланың шыққан күні: 16.05.2017 10:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.10.2018 11:28
Қаралым саны: 1491

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика