AA

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

Қалай қатысуға болады?

1. 2019 жылдың 1-30 қыркүйегi аралығында PKRezerv.kz сайтында тiркелу және құжаттарды тапсыру керек

2. Жеке кабинетiңiздi толығымен толтыру

3.Қажеттi құжаттарды енгiзу:

-жеке куәлiктiң көшiрмесi

-жоғары бiлiм туралы дипломдардың көшiрмесi

-еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесi

-ұсыным хаттар

4. 2019 жылдың 12 қазанынан бастап 25 желтоқсаны аралығында iрiктеу кезеңдерiнен өту

Президенттiк жастар кадрлық резервiне қатысуды тiркеу және құжаттарды қабылдау TALANTIZ автоматтандырылған онлайн платформасының көмегiмен жүзеге асырылады. Тiркелу кезiнде кандидат расталған дербес деректерiн (ЖСН, АӘТ, туған күнi, e-mail, телефон) енгiзуi және Жеке кабинетiн (тұрғылықты жерi, бiлiмi, жұмыс өтiлi, лауазымдар тобын және бағыттарды таңдау, сондай-ақ басқа да қосымша ақпаратты) толтыруы тиiс.

Барлық қажеттi материалдар жүктелген болуы, тiркеу нысанын және жеке профильдi кандидаттың өзi және белгiленген мерзiмдерде толтыруы тиiс.

⠀Кандидаттың өтiнiмi қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда, кандидат Президенттiк жастар кадрлық резервiне iрiктеу кезеңдерiне жiберiлетiн болады.

Мақаланы құрған күні 20.09.2019
Қаралым саны: 263
© 2019. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ