ДССССРБСЖМСНЖК
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша мәжіліс

Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасында «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару бойынша ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызметiн алу мәселесi бойынша мәжiлiс өттi.

2017 жылғы 16 наурызда «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару бойынша ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызметiн алу мәселесi бойынша мәжiлiс өттi. Оған өңiрдегi құрылыс секторының өкiлдерi шақырылды.

Мәжiлiсте енгiзiлген жаңалықтың мақсаты, жобаларды басқару бойынша аккредиттеуден өтушi үмiткерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары, қызметтi көрсету мерзiмi және төлемақысы, сондай-ақ аккредиттеу саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгiзiлетiн өзгерiстер туралы ақпарат берiлдi. Жауапкершiлiгi бiрiншi деңгейлi объектiлер бойынша аттестаттаудан өткен сарапшылардан тұратын қажеттi штат саны және мамандықтар тiзiлiмi бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берiлдi.

 

14.03.2017
Қараулар: 935
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика