ДССССРБСЖМСНЖК
Қазақстанда анықтамалардың 28 түрі қысқартылмақ

Азаматтарға арналған үкiмет анықтамалардың тағы 28 түрiн қысқартуды ұсынады. Бұл туралы электронды үкiметтiң цифрлық жаңашылдықтарының тұсаукесерi барысындағы өз сөзiнде «Азаматтарға арналған үкiметтiң» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлiмдедi.

Оның айтуынша, мекенжай анықтамасынан кейiн жылжымайтын мүлiктiң бар-жоғы, псих-нарко, туберкулезге қарсы диспансерлердiң анықтамасы, жұмыссыз ретiнде тiркелу сияқты және т.б. анықтамалар да жойылуы мүмкiн.«Жыл сайын азаматтар ХҚО-дан 10 млн артық мекенжай анықтамасын алады. Оны жұмысқа тұру, балалардың мектепке, балабақшаға құжатын дайындау барысында және т.б. себептермен сұратады. Мекенжай анықтамаларын алып тастау — қазақстандықтардың ХҚО-ға 10 млн есе аз келетiндiгiн бiлдiредi», — деп атап өттi Балташева.

Реестрден аталған қызметтердi алып тастау мәселесi мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралатын болады. Оның нәтижесi бойынша анықтамалардың қай түрi мәлiметтер санатына ауысатыны не мүлде жойылатыны шешiледi. Аталған анықтама түрлерi Әдiлет министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Бас прокуратура сияқты жалпы 10 ведомствоға қарасты.

Еске салайық, бұдан бұрын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Асқар Жұмағалиев мекенжай анықтамасын жою бастамасын көтерген болатын. ҚР IIМ бұл идеяға қолдау бiлдiрiп, өзiнiң мәлiметтер базасын өзге мемлекеттiк органдармен интеграциялаған. 1 қарашадан бастап азаматтартұрғылықты жерi бойынша тiркеуiн egov.kz электронды үкiмет порталындағы жеке кабинетiнен тексере алады.

Айта кетейiк, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жыл сайын қазақстандықтарға 30 миллионнан астам мемлекеттiк қызмет көрсетедi, олардың жартысынан көбi — ақпараттық анықтамалар. Оларды жою қызмет алушылардың өмiрiн жеңiлдетедi, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесi мен қағаз айналымын азайтады деп жоспарлануда.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Ақмола бойынша филиалы

22.10.2019
Қараулар: 646

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 19 мамырындағы № 57 қаулысы (PDF 3529 Kb)

"Ақмола облысының бас санитарлық дәрiгерiнiң 2020 жылғы 12 мамырындағы № 49 қаулысы" (PDF 200 Kb)

ХАЛЫҚ НАЗАРЫНА (JPG 543 Kb) Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

 

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика