AA

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

21 қараша күнi сағат 10.00-де Мемлекет басшысының «еститiн мемлекет» тұжырымдамасында белгiленген мiндеттердi және жалпыреспубликалық Бiртұтас (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күнi шарасын жүзеге асыру шеңберiнде Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев, сондай-ақ, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының, селолық, поселкелiк округтердiң әкiмдерi, басқармалар мен департамент басшылары азаматтарды жеке басы сұрақтары бойынша қабылдау өткiзедi.

Ақмола облысы әкiмi, облыстық және қалалық қызметтер басшыларының қабылдауы Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесi, 1 Б мекенжайындағы әкiмшiлiк ғимаратының мәжiлiс залында өтедi.

Қабылдауға мына телефон арқылы жазылуға болады: 8-7162-29-72-43 (облыс әкiмдiгiнiң кеңсесi), 8-7162-50-31-47 (басқарма кеңсесi)

Мақаланы құрған күні 18.11.2019
Қаралым саны: 583
© 2020. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ