ДССССРБСЖМСНЖК
Салтанатты жиналыс

21 маусымда Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы ұжымында Мемлекеттiк қызметшiнiң күнiне арналған салтанатты жиналыс өткiзiлдi. Басқарма басшысы Бахидбек Оспанбеков қызметкерлердi кәсiби мерекемен құттықтап, мемлекеттiк қызметшiнiң әрдайым халыққа қызмет ететiнiн еске салды.

«Кез-келген мемлекеттiң табысы мен гүлденуi мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiмдi және кәсiби жұмысына негiзделген. Сондықтан Ел басшылығы оны жетiлдiру мәселелерiне ерекше назар аударады. Жыл сайын мемлекеттiк аппарат жұмысының сапасы жақсарады, бiрақ сонымен бiрге қызметкерлерге қойылатын талаптар да арта түсуде», — дедi ол.

Жиналыс барысында Ақмола облысы әкiмiнiң алғыс хатымен лицензиялау және аттестаттау бөлiмiнiң басшысы Аина Уәлиева, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi басшысының алғыс хатымен әкiмшiлiк-құқықтық жұмыстар бөлiмiнiң басшысы Татьяна Антонова марапатталды. 

21.06.2018
Қараулар: 234

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика