ДССССРБСЖМСНЖК
Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара

20 маусымда «Көкшетау» мәдениет сарайында мемлекеттiк қызметшi күнiне арналған салтанатты iс — шара өттi.

Iс-шара мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке алғаш кiрген жас мемлекеттiк қызметшiлердiң салтанатты түрде ант қабылдау рәсiмiнен басталды. Бұл күнi басқарма қызметкерi Қуаныш Сапархан ант қабылдады.

Көп жылғы мiнсiз еңбегi және мемлекеттiк қызметтi дамытуға қосқан ерекше үлесi үшiн персоналды басқару қызметiнiң басшысы Жанар Айтмағанбетова ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Б.М. Беспалиновтың алғыс хатымен марапатталды.

Iс-шара соңында облыстың дарынды мемлекеттiк қызметшiлерi өнер көрсеттi.

Әрiптестер, Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен құттықтаймыз! Сiздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасылық амандық және кәсiби өсудi тiлеймiз!

21.06.2019
Қараулар: 2154

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика