ДССССРБСЖМСНЖК
Қызметкерлер көрмеге барды

Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Ақмола облысы мемлекеттiк архивiндегi «Ақмола облысы архив құжаттарында» атты тұрақты әрекеттегi архив құжаттарының көрмесiне барды.

Архивтiк құжаттарда 19 ғасырдан бастап бүгiнгi уақытқа дейiнгi Ақмола облысының тарихы баяндалады. Көрменiң басты мақсаты — архив құжаттарының алуан түрлiлiгiн, олардың бiрегейлiгi мен құндылығын көрсету. Құжаттар мәдени және ғылыми құндылығы бар ақпараттық толымдылығы тұрғысынан iрiктелiп алынған болатын.

Көрме 300-ден аса экспонаттарды бiрiктiрiп, олардың арасында қағаз құжаттары, фотоқұжаттар, карта және кiтаптар бар.

Экспозицияға дереккөз ретiнде Ақмола облысы мемлекеттiк архивiнiң құжаттары, және Көкшетау, Степногорск қалаларының мемлекеттiк архивiнiң, Солтүстiк Қазақстан облысы мемлекеттiк архивiнiң құжаттары, облысы мекемелерi мен ұйымдарының материалдары пайдаланылды.

 

27.04.2018
Қараулар: 322

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика