ДССССРБСЖМСНЖК
Семинар-кеңес

2018 жылғы 20 ақпанда Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс басқармасының қызметкерлерi үшiн мемлекеттiк органдармен бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен қосымша танысу, мемлекеттiк қызметшiлердiң құзыретiн арттыру мақсатымен семинар-кеңес өткiзiлдi.

Семинар-кеңеске қатысуға Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Толқын Қуанышбекқызы Мұқашева шақырылды. Ол уәкiлеттi органда тексерудiтiркеудiжәне тексеруге дейiн сүйемелдеудi көздейтiн «ТБЖ — тексерулердiң бiрiңғай жүйесiнiң» жаңартылған нұсқасы туралы түсiндiру жұмысын жүргiздi.

Бұл жүйе тексеруге жататын субъектiлерiнiң тәуекел деңгейiнiң критерийлерiн ескере отырып, болашақтабақылаушы органдардың жұмысын жеңiлдетедi, жәрдемдесетiн болады, сондай-ақ тексерулер бойынша барлық процессуалдық iс-әрекеттердi нақты уақыт режимiнде тiркеуменен тексерiстердi тағайындаудың ашықтығы, жеделдiгiн қамтамасыз етедi.

Кездесу мазмұнды өткiзiлдi, семинар барысында ТБЖ жаңартылған нұсқасының енгiзiлуiне байланысты, құрылыс субъектiлерiн тексерудi тағайындау жөнiнде туындаған проблемалықмәселелер талқыланды және оларды шешудiң тиiмдi жолдары ұсынылды. Сондай-ақ, семинар-кеңес барысында Басқармамен2017 жылы бақылау және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдауларының нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылық фактiлерi талданды.

21.02.2018
Қараулар: 557

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика