ДССССРБСЖМСНЖК
Тұсаукесер

2017 жылғы 12 мамырда «Ұлт жоспарының» 32-қадамын, сондай-ақ «Комитет әрбiр үйге» жобасын iске асыру шеңберiнде «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-де ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасы қызметкерi Ж.О. Смаиловтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетiнiң жаңа сервистерiне тұсаукесер өткiзiлдi.

Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жеке құрамына Комитеттiң басты мақсаты азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау екенi түсiндiрiлдi. Осы үшiн қоғамды түрлi сипаттағы заңсыз әрекеттерден барынша қорғауды қамтамасыз ететiн бiрқатар инновациялық жобалар әзiрлендi, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы сенiмдi байланысты қамтамасыз етедi. Аталған жобаларды барлық мемлекеттiк органдардың жұмысын айқын етедi және халықтың мемлекеттiк билiкке деген сенiмiн арттырады.

12.05.2017
Қараулар: 603
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика