AA

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

18 қазан, сағат 15:00-де, Көкшетау мәдениет сарайында алғаш рет, «ашық әкiмдiк» форматында, азаматтарды кеңейтiлген қабылдау өткiзiлдi. Азаматтарды жеке мәселелерi бойынша Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев, облыс әкiмiнiң орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердiң басшылары, Көкшетау қаласының әкiмдiгi, құқық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер, азаматтарға арналған үкiмет, екiншi деңгейлi банктер қабылдады.

Басқарма басшысы Бахидбек Оспабеков, азаматтардың сәулет-құрылыс мәселелерi бойынша сұрақтарға жауап бердi. «Ашық әкiмдiк» форматында жұмыс жасау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергiлiктi атқарушы органдардың халықтың өзектi мәселелерiн бiлу, оларды шешудегi ашықтық, жеделдiк, заңдылық принциптерiн ұстануы жайлы халықпен және бизнес қоғамдастықпен қарым -қатынастың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру жұмыстарын орындау тапсырмасынан туындаған.

Ақмола облысы әкiмдiгi жүйесiне енетiн мемлекеттiк органдардың күнделiктi қызметiнде бұл тұжырымдама басшылыққа алынады.

Мақаланы құрған күні 18.10.2019
Қаралым саны: 150
© 2019. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ