ДССССРБСЖМСНЖК
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

2018 жылғы 26 қаңтарда Ақмола облысы мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасының ұжымында Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә. Назарбаевтың2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауынталқылау өткiзiлдi. Басқарманың бақылау және қадағалау функцияларына ие екендiгiн ескере отырып, талқылау барысында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және құқық үстемдiгi» атты 9-шы қадамға ерекше назар аударылды. Осылайша, мемлекеттiк қызметшiлерге олардың функционалдық мiндеттерiн орындау кезiнде және күнделiктi өмiрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру жөнiнде шаралар қабылдау ұсынылады. Талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат туралы парақшалар таратылды. Басқарма қызметкерлерi Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған мiндеттердi орындауды қолдайды. Сонымен қатар, талқылауға қатысушылар Жолдаудың маңыздылығы ондағы Президенттiң денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру сияқты маңызды мәселелер туралы айтқаны және одан әрi даму үшiн бағыт беретiндiгiнде екенiн атап өттi.

27.01.2018
Қараулар: 759

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика