ДССССРБСЖМСНЖК
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтау туралы

2019 жылдың 11 маусымында Ақмола облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасында басқарма қызметкерлерiмен мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы нормаларын сақтау мәселелерi бойынша семинар — кеңес өткiзiлдi.

Семинар барысында басқарманың Әдеп жөнiндегi уәкiлi Т. А. Антонова қызметкерлердi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Этикалық кодексiнiң негiзгi ұғымдарымен, ережелерiмен және талаптарымен таныстырды. Тыйым салулар мен шектеулердi бұзу немесе этикалық нормаларды бұзу, соның iшiнде беделiн түсiретiн терiс қылық жасау салдарын түсiндiрдi.

Кеңес барысында басқарма басшысы Бахидбек Оспанбеков өз сөзiнде өңiрлерге iссапарға келген мемлекеттiк қызметшiлердiң Этикалық кодекс нормаларын сақтау мәселесi ерекше бақылауға алынғанын атап өттi.

Басқарманың барлық қызметкерлерi мемлекеттiк қызметкерлердiң iс-сапарларындағы тәртiбi туралы Жаднамамен таныс болды.

Қазақсатн Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) нормаларын бұзу мәселелерi бойынша, «Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ сапасыз мемлекеттiк қызмет көрсеткен және заңды құқықтары мен мүдделерiн бұзған жағдайда сiз Ақмола облысының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының әдеп жөнiндегi уәкiлi Татьяна Александровна Антоноваға 8(7162) 50-31-48 телефоны бойынша немесе t.antonova@akmo.gov.kz эл.мекенжайына хабарлауыңызға болады.

Сондай-ақ Әдеп жөнiндегi уәкiл азаматтарды және мемлекеттiк қызметшiлердi қабылдауды әр айдың соңғы сейсенбiсiнде сағат 10-00-ден 12-00-ге дейiн Көкшетау қаласы, Пушкин көшесi, 23, каб.Мекен-жайы бойынша жүзеге асырады. 302.

13.06.2019
Қараулар: 2015

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика