ДССССРБСЖМСНЖК
Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру туралы

2019 жылдың 11 ақпанында басқарма мамандары «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында семинар-кеңес өткiздi.

Аталған iс –шараға Ақмола облысының «Азаматтарға арналған үкiмет «мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалы-Халыққа қызмет көрсету бойынша Көкшетау қаласының №2 бөлiмiнiң басшысы және №1, 2, 3 бөлiмдерiнiң және Красный Яр ауылының бөлiмiнiң мамандары қатысты.

Семинар-кеңестi өткiзу барысында мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы қолданыстағы заңнаманың, оның iшiнде басқарма көрсететiн мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерiнiң сақталуы туралы түсiнiктемелер берiлдi. Семинар барысында мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi проблемалық мәселелер қаралды. Қосымша кеңестер берiлдi.

Сонымен қатар, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру мақсатында басты бағыттардың бiрi барлық қызметтердi электрондық форматқа көшiру, сондай-ақ электрондық қызметтер мен сервистердi дамыту болып табылады. Электрондық қызметтер Қызмет көрсету үдерiсiнде байланыстарды азайтуға мүмкiндiк бередi, мiндеттемелердi орындауды жеңiлдетедi, оларды алу уақыты мен шығындарын қысқартады. Бұдан басқа, электрондық қызметтi тәулiктiң кез келген уақытында онлайн режимде үйден немесе кеңседен шықпай-ақ алуға болады. Жүргiзiлетiн жұмыстың басты мақсаты-жеке және заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк қызметтi алуға уақытты қысқарту, процедураның өзiн жеңiлдету, әкiмшiлiк кедергiлердi жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн төмендету.

 

11.02.2019
Қараулар: 183

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика