ДССССРБСЖМСНЖК
Брифинг

11 қазанда Ақмола облысы мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Бахидбек Оспанбеков «Ақмола облысы мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жұмысының 2018 жылдың 9 айы бойынша қорытындылары» тақырыбында өңiрлiк коммуникациялар қызметiнде брифинг өткiздi.

МСҚББ басшысы басқарманың негiзгi мiндеттерiн баяндап, ағымдағы жылдың 9 айын қорытындылады.

Басқарманың жұмысы заңсыз құрылыс және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы талаптарды бұза отырып құрылыс жүргiзу фактiлерiн болдырмауға бағытталған. Жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берiлген бұзушылықтарды белгiленген нормативтiк мерзiмде жоймаған жеке және заңды, лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгiленген шаралар қолданылады.

«Осылайша, объектiлердiң құрылысы жобалық құжаттамасыз, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалаудың сүйемелдеуiнсiз жүзеге асырылады. Сонымен бiрге объектiлердi салу кезiнде бұрын бекiтiлген жобалық құжаттамалардан ауытқу жағдайлары бар», — дедi Бахидбек Оспанбеков.

Спикердiң айтуынша, жыл басынан берi 236 тексеру жүргiзiлдi, оның iшiнде 82-i жоспардан тыс тексерулер, 5 объектiге алдын-алу бақылау және қадағалау шеңберiнде барылды және заңды тұлғалардан лицензия алу туралы өтiнiштердi қарауға байланысты 149 тексерiс жүргiзiлдi. Анықталған кемшiлiктердi жою туралы 27 ұсынымдар берiлдi.

Белгiлi болғандай, ағымдағы жылдың 9 айы iшiнде тексерiстер нәтижесiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнаманы бұзу туралы 243 хаттама жасалды, оның iшiнде 165 басқармамен қаралып, 28,6 млн. теңге сомасына әкiмшiлiк айыппұл салынды, сотта 78 әкiмшiлiк iс қаралып, 9,3 млн. теңгеге айыппұл салынды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 37,9 млн. теңгенi құрайды.

«Есеп беру кезеңiндегi айыппұлдардың сомасы ағымдағы жылдың басынан бастап басқарма әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қысқартылған iс жүргiзу қолданылатын ескере отырып көрсетiлген, оған сәйкес тұлға көрсетiлген айыппұл сомасының елу пайыз мөлшерiндегi айыппұлды жетi тәулiк iшiнде төлеу құқығына ие», — деп атап өттi ведомство басшысы.

11.10.2018
Қараулар: 646

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика