ДССССРБСЖМСНЖК
Сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қалыптастыру бойынша аппараттық оқыту

2018 жылғы 21ақпанда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсiндiру, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдiк төзiмдiлiк» қалыптастыру бойынша Басқарма қызметкерлерi арасында аппараттық оқыту өткiзiлдi.

Iс-шараның мақсаты: құқықтық сауаттылықты,сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты арттыру және оның алдын алу.

Аппараттық оқытуда ҚР Мемлекеттiк iстерi және сыбайластыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Айжан Ерболқызы Ғалиева дәрiс оқыды.

Аппараттық оқыту барысында қызметкердерге сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң нысандары, оның салдары түсiндiрiлдi, сондай-ақ қатысушылар сыбайлас жемқорлық қызмет үшiн қылмыстық жауаркешiлiк нормаларымен танысты.

21.02.2018
Қараулар: 477

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика