AA

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ

2017 жылы ол кезде Қазақстан Республикасының Премьер — министрi Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Руспубликасында мереке күндер тiзбесiн бекiту туралы» Үкiметтiң қаулысына қол қойды. Қаулыға сәйкес, Қазақстан халқы тiлдерi күнi 5 қыркүйекте тойланады.

Бұл уақытқа дейiн мемлекеттегi тiлдер мерекесi 22 қыркүйекте тойланатын. Осындан 30 жыл бұрын 22 өыркүйекте Қазақстанда «Тiлдер туралы» Заң қабылданған. Ол сол кездегi Қазақ КСР-нiң мемлекеттiк тiлi-қазақ тiлi деп бекiтiлдi. Ал 1998 жылдың 20 қаңтарында ҚР Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 22 қыркүйек — Қазақстан халқы тiлдерiнiң күнi болып жарияланды.

Тiлдердiң мерекесiн атау күнi неге өзгердi?

Елiмiздегi тiлдер мерекесiнiң датасы өзгеруiнiң де өзiндiк себебi бар. Бұл күн — «Ұлттық сақталуын да, жоғалуын да себеп болатын қуаттысы — тiл деген» ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тiлi үшiн күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнi. Бүгiн барша қазақстандық қазақ әлiпбиiнiң негiзiн салған ғалымның туған күнiнде Тiлдер мерекесiн тойлайды.

Басқарма ұжымында да Тiлдер мерекесiн тойлау онкүндiгiнде де iс-шаралар өткiзу жоспарлануда.

Мақаланы құрған күні 05.09.2019
Қаралым саны: 144
© 2019. «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ